Дауыстар түрлері, хор өнері туралы қазақша мәлімет - Kazreferat.ru
Главная » 2013 » Август » 14 » Дауыстар түрлері, хор өнері
15:11
Дауыстар түрлері, хор өнері
Дауыстар өзінің тембрлік және биіктігі жағынан опералық, яғни академиялық, халық әндерін айтатын, эстрада музыкасын айту үшін арналған дауыстар болып бөлінеді. Сопрано - әнші әйелдің ең жоғарғы дауысы. Диапазоны – бірінші октаваның до нотасынан үшінші октаваның до нотасына дейін (кейде ми, соль ноталарына дейін). Сопраноның негізгі түрлері: драматикалық, лирикалық және колоратуралық; меццо-сопрано – орта регистрде шығатын әйел дауысы, диапазоны – кіші октаваның ля нотасы мен екінші октаваның ля нотасы дейін. Бұл дауыс үшін Марфаның («Хованщина»), Любашаның («Царская невеста»), Амнерис, Кармен партиялары жазылған. Контральто – тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел дауысы, диапазоны – кіші октаваның соль нотасы арасында (шамамен). Тенор – ер адамның жоғары дауысы, диапазоны – кіші октаваның до нотасынан екінші октаваның до нотасына дейін. Лирикалық және драматикалық болып бөлінеді. Баритон –ер адамның тенор мен бастың аралығындағы регистрде шығатын қоңыр дауысы, диапазоны – үлкен октаваның ля нотасы мен бірінші октаваның фа нотасы. Бас дауысы ер адамның ең төмен регистрде шығатын жуан дауысы. Жоғары, төмен сонымен қатар, буффондық (комикалық) бас болып бөлінеді.
Хорға арналған музыка.
Хор – вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы). Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер дауыстары) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармаларының ыңғайына қарай бірнеше дара партияға бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам, ал кәсіби хор құрамында 40-тан 160 адамға дейін болады. Шағын хор ұжымы камералық хор делінеді.
Басқа өнер түрлері сияқты хор өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы. Хор – сөз өнері, музыка, орындаушылық шеберлігі, көркемдік бейнелеу, сахна т.б. өнердің амал-тәсілдерін бойына жинаған синтездік өнер. Хормен ән салу өнері еліміздегі жалпы музыка мәдениетінің өсу саласында аса маңызды орын алады.
Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. Х1У-ХУ ғасырларда көпдауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар Х1У-ХУ ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды.
Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.
Қайта өрлеу дәуірі көп дауысты хор өнерінің аса дамыған кезеңі болып табылады. Алғашқы жанрлар – лютет, баллада, лауда, мадригал. Хор музыкасының аса дамыған түрі –месса. Нидерлан мектебінің композиторлары Дюфаи, Окегем, Обрехт, Ж.Депре Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды.
Хор ХУ11 ғасырда пайда болған опера жанрының негізгі компоненттерінің бірі болды. Көптеген операларда хор үлкен драматургиялық роль атқара бастады. Хор каппелалары дамыды. Осы кезенде оратория, кантата жанрлары қалыптасты. И.С. Бах, Г.Ф. Гендель шығармашылығында хор музыкасы пассион оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанрлар түрінде орын алған.
Глюк опера реформасында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классикатерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор.
Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д. Бортянский (ХУ111 ғасыр) орыстың классикалық хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М. Глинкамен байланысты. Хордың М. Мусоргский, А. Даргомыжский, П.И. Чайковский шығармаларындағы маңызы. С.И. Танеев шығармашылығы.
Категория: Мәдениеттану | Просмотров: 703 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0